"Көлікті 5 минуттан артық қыздыру". Экология министрі пікір білдірді

Кәмшат Тілеухан 21 янв. 2025 14:58 415

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев автокөлікті қосулы күйінде бес минуттан артық қалдыруға қатысты қарастырылған айыппұл жайына тоқталды. Эколог ретінде министр бұл талапты қолдайтынын жеткізді, деп жазады Dalanews.kz.

"Экология тұрғысынан біз автомобильдерді бес минуттан артық қыздыруға салынатын тыйымды қамтитын жол қозғалысы ережелерін сақтау өте маңызды деп санаймыз. Тіпті, суық деген солтүстік өңірлерде көлікті қыздырып, жүре беруге бес минут жеткілікті деп айта аламын", – деді Нысанбаев.

Министр өз көлігінде мұны сынап, кейін оның нәтижесімен бөлісуге уәде берді.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев өңірлердің температуралық режимі мен климатын ескере отырып, қосулы көлікке қатысты норманы қайта қарауды сұраған болатын.

Ал ҚР ІІМ бұл жаңашылдық емес екенін, аталған норманың қолданысқа енгізілгеннен бері 20 жылдан астам уақыт өткенін атап өтті.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті бұл ретте ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабынан бұзғаны үшін азаматтарға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде, ал қайталап бұзғаны үшін – 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылатынын еске салады.


Рекомендовать
Последние новости