Көлік министрлігі алым-салымға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Кәмшат Тілеухан 09 янв. 2025 11:04 482

Әлеуметтік желіде Өзбекстанның территориясына кіргені үшін қазақстандық тасымалдаушылардан арнайы алым алынатындығы туралы ақпарат пайда болған. Осыған қатысты ҚР Көлік министрлігі түсініктеме берді, деп жазады Dalanews.kz.
 "2007 жылғы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiміне сәйкес тараптардың тасымалдаушылары алым төлеуден босатылған. Тасымалдаушылар тек ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін ғана төлем жасауға міндетті. Бұдан басқа ешқандай алым төлеудің қажеті жоқ", делінген министрлік хабарламада.
Айта кетсек, Көлік министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы елімізде тағы 10 жол учаскесі ақылы болады. Оның тізімімен мына арадан танысуға болады.

Рекомендовать
Последние новости