1 сағаты 37 доллар! Польшада ашылған ерекше салон қысқа уақытта аста-төк табысқа кеңелген

Кәмшат Тілеухан 09 янв. 2025 10:24 449

Польшаның Катовице қаласында ашылған құшақтасу салоны бүгіндері кеңінен танымалдыққа ие. Ол, негізінен, жалғызбасты адамдарға арналған. Екі жыл бұрын ашылған мекеме, бастапқыда өз қызметінің мұншалықты сұранысқа ие болатынын күтпепті, деп жазады Dalanews.kz.

Көбінесе мекеменің клиенттері 40 пен 60 жас аралығындағы адамдар. Салонда кездескен олар құшақтасып, бір-бірінен психологиялық қолдау алады  екен. Қызмет құны - 1 сағатына – 37 доллар.

"Орталықтың негізін қалаушы, коуч Александра Касперек жалғыздықпен, жан жарасымен күресуге көмектесіп, дәрістер өткізеді", деп жазады Daily Mail.

Салонға келген адам, ең бірінші кезекте, сауалнамаға қатысып, одан кейін душ қабылдап, үстіне тек халат киеді. Бірақ  сексуальды әрекетке бұл арада жол жоқ. Егер осы сипаттағы белгілер байқалса, ол адамдар салоннан бірден қуылады екен.

Айта кетсек, 14 наурызда елімізде Наурыз мейрамының басы Көрісу күні деген бар. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады, құшақтасып, қауышады. Осылайша араздық, өкпе-ренішті ұмытып,  бір-біріне амандық тілейді.


Рекомендовать
Последние новости