Көксу ауданында 120 орындық мектеп қолданысқа берілді

Dalanews 31 авг. 2020 10:47 1386

Конституция күніне орай Алматы облысы Көксу ауданы Қызылтоған ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді.

2 қабатты 120 орындық білім ордасының құрылысын «СП NEFT» ЖШС мердігер мекемесі мерзімінде аяқтады.

Қызылтоған орта мектебінің салтанатты ашылу рәсіміне Көксу ауданының әкімі Алмас ӘДІЛ қатысты. Мектеп қазақ тiлiнде бiлiм береді. Жобаның жүзеге асырылуына облыстық бюджеттен 717 млн. теңге қаражат бөлiндi.



Мектеп жасындағы қызылтоғандықтар жаңа ғимаратта, ыңғайлы сынып бөлмелерiнде бiлiм алатын болады. Биылғы пандемия жағдайына байланысты 1-4 кезекші сыныптардағы 40 оқушы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектеп қабырғасында білім алса, 62 оқушы қашықтан оқитын болады.



Жаңа бiлiм ордасының ашылғанына қуанған ауыл тұрғындары мемлекетке де, осы игiлiктi iске күш жұмсаған барлық сала мамандарына да өз алғыстарын айтуда.

Рекомендовать
Последние новости