Кейінгі бес жылда пирамида құрбандарының саны жеті есеге азайды - Бас прокурор Асылов

Сағыныш Сардарова 31 мар. 2025 16:44 1051

Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының қаржылық пирамидаларға қатысты сауалына жауап берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Биыл қаржы пирамидасын құру жəне оған басшылық ету деректері бойынша қылмыстық істерді тіркеу екі еседен аса өскені байқалады (27-ден 62-ге дейін), бұл құқық қорғау органдарының оларды анықтау жөніндегі жұмысты айтарлықтай жандандырғанын көрсетеді.

Соңғы бес жылда пирамида құрбандарының саны жеті есеге азайды, егер 2020 жылы 3575 болса, 2024 жылы 522 болды», - деп мәлімдеді Берік Асылов.

Оның айтуынша, 2024 жылы қазанда «Қаржылық (инвестициялық) пирамида белгілерін бекіту туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойылған (қатысушылар – БП, ҚМА, ІІМ жəне ҚНРДА). Әзірленген белгілер қаржылық пирамидалардың қызметін бастапқы кезеңдерде анықтауға жəне жолын кесуге ықпал етеді.

«Бас прокуратураның тапсырмасы негізінде мұндай істер компаниялар қаржылық пирамиданың белгілеріне жататын болса, онда арыз түспегеніне жəне зардап шеккендерге келтірілген зиян болмауына қарамай тіркеле бастады. Мысалы, биыл 4-7 ақпан аралығында «Аsar Вaspana» қаржылық пирамидасын құру жəне оған басшылық ету дерегі бойынша аумақтық қаржылық мониторинг бөлімшелері сотқа дейінгі 20 тергеп-тексеруді тіркеді», - дейді Бас прокурор.

Берік Асылов интернетте белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, оның нəтижелері бойынша биыл 1 848 құқыққа қайшы материал анықталғанын (2024 ж. 5 695) жəне 1 458 интернет ресурсқа қолжетімділік шектелгенін (2024 ж. – 4 662) мәлімдеді.

"Киберқадағалау" жүйесін пайдалана отырып, қаржылық пирамидаларды жарнамалайтын 4,2 мың ресурс (2024 жылы – 14,2 мың) бұғатталды. Қаржылық мониторинг агенттігі «Baiqa, piramida» Telegram-ботында қаржылық пирамида белгілеріне азаматтардың тоғыз мыңнан аса өтінімін қарады", - деп хабарлады Асылов.

Сонымен қатар, биылғы 12 наурызда Үкімет Бас прокуратураның бастамасымен алаяқтық схемалар мен қаржылық пирамидаларға қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасын бекіткенін еске салды.


Рекомендовать
Последние новости