Кентаулық балдырғандардың 85 пайызы балабақшамен қамтылған

Dalanews 11 дек. 2018 05:37 755

Жалпы биылғы жылы Кентау қаласындағы білім беру саласына 6,9 млрд.теңге қарастырылған екен (былтырғы жылы – 7,5 млрд теңге).

Жалпыға міндетті білім беру қорына 68,5 млн. теңге бөлініп 2,3%-ға жетті. Отбасы жағдайы төмен 1097 оқушы ыстық тамақпен және де 155 оқушы киім-кешекпен және 143 оқушы жазғы сауықтыру лагеріне жолдамамен қамтылды.

159 қамқоршы азаматтарға 28,4 млн. теңге қаралып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ай сайын 24050 теңгеден төленіп отыр.

Бұдан бөлек жергілікті бюджеттен 237,2 млн.теңге қаралып, №1және №4 мектептердің  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айта кетелік.

«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында 616,8 млн.теңге бөлініп, 4800 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, 3-6 жастағы балаларды қамтуы 85,0%-ға жетті. Қала бойынша 698 оқушы мектеп бітіріп, оның 577-сы (84,2%)  ҰБТ тапсырды.  Қалалық білім бөлімінің мәліметінше биылғы жылы Кентау қаласындағы ҰБТ қорытындысының орташа көрсеткіші 87,9 баллды құрады, оқушылардың 456- сы мемлекеттік грантты иеленді, жалпы 79 пайызды құрады. Бұл облыста ең жоғары көрсеткіш. 87 «Алтын белгі», 50 «Үздік аттестат» қорғады.

Рекомендовать
Последние новости