Кентаудағы жастар орталығы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға үлес қосуда

Dalanews 11 дек. 2018 08:48 1055

Кентаудағы жастар орталығы өскелең буынның білімін толықтырып, көкжиегін кеңейтуде таптырмас орынға айналыпты.  

Жалпы, орталықта жастарға қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, белгілі кәсіпкерлердің қатысуымен жастарды кәсіпкерлікке баулып, кепілсіз несие беруге бағытталған түрлі семинар-тренингтер өтіп тұрады.

Сонымен қатар жастарды солтүстікке қоныс аударып, сонда қалып жұмыс істеуге насихаттайтын бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Қанат Бекметов, Кентау қалалық жастар орталығының жетекшісі:

- Бүгінгі таңда жастарға не қажет? Ол – жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында бос уақытын қалай өткізеді, соған жастарды бейімдеу. Екіншісі, біздің мемлекеттік бағдарламамыз бар, яғни жастар көбіне тұрғын үй, қолжетімді баспана, «Дипломмен ауылға», «Серпін» бағдарламасына қатысты кеңес береміз. Тоғызқұмалақ үйірмелері, ұлттық құндылықтар, ұлттық ойындарымызды қайта жаңғырту мақсатында түрлі үйірмелер жұмыс істейді.

Сондай-ақ алдағы 2019 жыл Жастар жылы болғандықтан, оларды жұмыспен қамтып, сапалы білім алуына бағытталған кешенді жұмыс жоспары бекітілген.

Қала әкімінің қолдауымен спорт алаңдары да ашылыпты.

Жалпы, Түркістан облысында бес жүз мыңнан аса жас бар. Бұл облыс халқының 26 пайызын құрайды. «Серпін-2050» жобасы аясында 1 589 жас солтүстік өңірлерде білім алып жатыр. Ал биылғы жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде жұмысқа тұрған 863 жас маманның 314-і баспаналы болған.

Рекомендовать
Последние новости