Кентауда жолдар жөнделуде

Dalanews 05 дек. 2018 08:19 659

Бүгінде қала аумағында жол жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр.

Биылғы жылы жөндеуден өткен көшелердің барлығына жүргіншілер жолы қоса салынады. Бұл туралы қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміні хабарлап отыр.

Қаланың 5 ішкі көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына 58,0  млн.теңге бөлініп, 2,5 шақырым жол жөнделді. 27,6 млн.теңгеге көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы 9,1 ш.м. жол жөндеуден өтті.

Құлыншақ, Сүйіндіков, Молда Мұса, Бүргем, Еңбекші және  Көктөбе көшелеріне қиыршық тас құмды қоспадан уақытша жолдарды орташа жөндеуге 16,8 млн. теңге қаржы бөлініп, тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Әл-Фараби және Уалиханов көшесі  бойында автотұрақ орнату жұмыстарына  9,4 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылды.Сонымен қатар, қалада 15 дана бейнебақылау камераларын орнатуға 8,7 млн.теңге, 110 дана жол белгілерін орнатуға 1,7 млн.теңге, 140 метр жол кедергілерін орнатуға 4,2 млн.теңге, 10 дана бағдаршам орнатуға 24,5 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылды.

Жол жөндеу жұмыстары қалаға қарасты ауылдарда да жүргізіліп жатыр. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Қарнақ ауылына 14 млн 370 мың теңге қаржы қаралып, Еңбек, Наурыз көшелеріне асфальт төселді. Жоспар аясында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша тағы 4 көше жөнделмек.

Рекомендовать
Последние новости