Кентауда жастар арасында эстафеталық жарыс өтті

Dalanews 25 дек. 2018 05:28 1456

Таяуда Кентау қаласының бокс мектебінде ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасының «Рухани қазына» кіші жобасының «Ұлттық спорт» бағдарламасы аясында 2007-2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткізілген эстафета жарыс өтті.

Спорт денсаулық кепілі екені бәріміз білеміз. Десек те, көпшілігіміз спортпен айналысуды тұрақты түрде дағдыға айналдыра алмай жүргеніміз тағы жасырын емес. Оның түрлі себептері де жетерлік. Бұл тұрғыда, үлкендер жағын айтпағанның өзінде, жастардың алдынан да көптеген кедергілер көлденеңінен шығып жатады. Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан бұл тұрғыдағы атқарылар жұмыстарды жандандыру аса маңызды. Әрі кезек күттірмейтін мәселе.

– Болашағымыз деп үміт артқан жастарымыздың дені ғаламтордың шырмауынан шыға алмай жатқаны да көңіл құлазытады. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желі арқылы «әңгімелеседі». Күн сайын жастардың жүзбе-жүз сөйлесуі азайып, әлеуметтік жүйе қолданысы, керісінше, артып келеді. Ал біздің ұйымдастырған эстафеталық жарыс жастардың өзара сөйлесіп, адами қасиеттердің дамытуға да септесетінін айта кетуіміз керек. Жалпы біздің мектеп мұндай жарыстарды жиі өткізіп келеді, – деп жарысты ұйымдастырушылар өз ойларын ортаға салды.

Бұл жарыс спортты жанына серік ету арқылы олар дені сау ұрпақ ретінде қалыптастып қана қоймай, тәрбиелі әрі саналы жастардың қатарын арттыруға септігін тигізетінін байқадық. Ол үшін әлбетте біздің қоғам соған сай жағдай да жасай білуі қажет-ақ. Жастарымыз спортпен шұғылдануы үшін ең бірінші кезекте спорт нысандары да, халыққа қолжетімді деңгейде болуға тиісті. Мәселен, қазіргі таңда елімізде 35 783-ден астам спорттық ғимарат бар. Соның 64 пайызға жуығы ауылда. Еліміздегі 2100 нысан жекеменшіктің қолында. Бұл – дене шынықтыру және спорт мақсатындағы нысанның 22 пайызы.

Рекомендовать
Последние новости