«Жас кәсіпкер» бағдарламасы жастардың қолдауына ие болды

Dalanews 25 дек. 2018 06:01 1261

Сарыағаш ауданында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша жастарды кәсіпкерлікке баулу, жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында кәсіпкерлікке ниетті 1220 жастың қатысуымен қала, кент, ауыл, ауылдық округтерде және кәсіпкерлік мектебінде жастармен 27 рет кездесу болып өтті.

Кәсіпкерлікке ниетті жастарды аудандағы жетістікке жеткен кәсіпкерлердің жұмысымен таныстыру мақсатында 4 рет шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. «Bastau Бизнес» жобасы аясында 39 жас арнайы оқыту курстарынан өтті. «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша өз кәсібін ашқысы келетін 56 жасты кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандарымен кездестіріп, қажетті ақпараттар берілді. Нәтижесінде 20 жас өз жобаларын ұсынып, бүгінгі таңда кәсіпкерлік мектебінің мамандарының көмегімен жобаларын нақтылап жатыр.

Сол сияқты 2018 жылы Сарыағаш ауданы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде 9761 азаматты жұмыспен қамту шарасына қатыстыру жоспарланған, 9761 азаматтың 2495-і 16-29 жас аралығында жастар. Ағымдағы жылдың 6 айлығында 2128 жасқа әлеуметтік қолдау көрсетілді.

2018 жылы шағын несиелеу бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша 355 азаматты оқыту жоспарланған, оның ішінде жастар саны – 48. 6 айда 34 жас кәсіпкерлік негізінде оқу курстарын оқып аяқтады. Шағын несие алу бойынша 2018 жылы 68 азаматқа шағын несие беру жоспарланса, қазіргі таңда 19 жас несие алуға Жұмыспен қамту орталығына құжаттарын тапсырды.

Рекомендовать
Последние новости