Келестегі ауыл жолдары 97 пайызға жаңарады

Dalanews 15 сент. 2021 12:57 836

Түркістан облысы, Келес ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауыл жолдары жөнделіп жатыр. Атап айтқанда, Ошақты елді мекенінің жолдары жыл соңына дейін 97 пайызға жаңармақ, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол жөндеу жұмыстары Қошқарата ауылдық округінде де қарқынды жүруде. Бірнеше көшеге шағал тас төселуде.

Сонымен бірге, «Абай-Шардара» облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 3 шақырымға жуық жолға аяқжолдар төселіп, жарық шамдар орнатылады.

Демалыс орындары абаттандырылып, орындықтар менқоқыс жәшіктерін орнату жоспарланған. Барлық жұмыстар аудан әкімі Ақментай Есбаевтың тікелей бақылауында. Ошақты ауылдық округінде 9 көше «Ауыл – ел бесігі» аясында абаттандырылса, 6 көше жергілікті бюджетпен жөнделеді.

Биыл Келес ауданы бойынша «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Ошақты ауылдық округінің Ошақты елді мекеніне және Біртілек ауылдық округінің Жолбасшы елді мекені, Жүзімдік ауылдық округі Жүзімдік елді мекенінің ішкі автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары бойынша жалпы 18 ішкі көшеге 29,9 шақырым жолды жөндеуден өткізу жоспарланды.

Рекомендовать
Последние новости