Келесте жаңа балабақша ашылды

Dalanews 10 нояб. 2018 06:23 1250

Біртірек ауылдық округінің Еңбекші елді мекенінде орналасқан бөбекжай Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы шеңберінде іске асырылды.

Айта кетелік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында пайдалануға берілген нысанды жергілікті кәсіпкер өз қаржысына салғызып, туған ауылына тарту еткен екен. Нысанның жобалық сметалық құны 30 млн теңге.

200 орынға лайықталған балабақшада қазіргі таңда барлығы 36 адам жұмыс істеп жатыр. Олардың барлығы да жергілікті тұрғындар. Психолог, дефектолог мамандары да бар.

Мұнда балалардың алаңсыз ойнап, жан-жақты болып қалыптасуы үшін барлық жағдай жасалған. Ойын, ән-күй, жатын бөлмелері де заманға сай қажетті жабдықтармен қамтылған.

Жалпы бүгінгі күні Келес ауданында мектепке дейінгі білім беретін 67 балабақша бар. Оның ішінде 47-сі жекеменшік, 12-сі мемлекеттік, қалған 8-і шағын орталықтар. 


Балабақша құрылтайшысы Жайық Оразбаевтың айтуынша, балабақшада барлық жағдай жасалған 

- Үш тілде білім беріп жатырмыз. Тағы да мұнда қол өнер бөлімі бар, би бөлімдері жұмыс істейді. Үш мезгіл тамақ беріледі. Ата-аналар айына 5 мың теңгеден төлейді, – дейді ол. 

Рекомендовать
Последние новости