Келер жылы Кентауға газ келеді

Dalanews 24 окт. 2018 09:03 752

Облыс орталығы Түркістанға жапсарлас орналасқан Кентау қаласына келер жылдан бастап газ беріледі. 

Бұл туралы қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев хабарлады. Оның айтуынша, Кентаудың газбен қамту үш кезең бойынша жүзеге асырылмақ. Осылайша үйлеріне көмір тасып қажыған кентаулықтар келер жылдан бастап "көгілдір отынның" қызығын көрмек. 

– Қалаға газ беру ісі алдағы жылдан басталады деп күтіп отырмыз.  Биылғы жылы негізінен қала ішіндегі газ жүргізуге қажетті инфрақұрылымдар жасалынды. Жалпы алғанша Кентауды газдандыру жұмыстары үш кезең бойынша жүзеге аспақ. Қазіргі күнге дейін бірінші кезеңдегі жұмыстардың 70 пайызы аяқталды. Екінші, үшінші кезең жұмыстары да басталуға шақ тұр. Келер жылдың соңына таман газ беруді біртіндеп бастасақ, 2020 жылдың аяғында Кентауды толық газдандыратын боламыз, – дейді қала әкімі.

[perfectpullquote align="right" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]Бұдан бөлек Кентауға қарасты елді-мекендер де көгілдір отынға көшпек. Әзір қалаға қарасты Хан-тағы ауылында газ құбырын тарту жұмыстары жүруде. Алдағы жылы Қарнақ, Байылдыр, Құсшы ата сияқты ауылдарға газ құбыры тартылмақ.


– Көгілдір отынды тек моно қала тұрғындары ғана емес, шаһарға тиесілі 67 ауылдың халқы күтуде. Ал жалпы облыста табиғи газбен қамтамасыз ету саласында  67 нысанның құрылысы жүргізілуде. Алда 42 елді мекенге, яғни 60,3 мың тұрғынға табиғи газ жеткізілетін болады. 

Жоспар бойынша 2021 жылдың соңында Ащысай ауылынан басқа Кентау аумағын толық газбен қамтып бітуіміз керек, – дейді бұл орайда Әбдібақыт Мақұлбаев.

 

Рекомендовать
Последние новости