Кәсіпкерлерді бопсалаған қоғамдық бірлестік басшылары сотталды

Қаракөз Амантай 12 нояб. 2024 16:37 1472

Астанада қоғамдық бірлестік басшылары кәсіпкерлерді бопсалаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тексеру барысында прокурорлар екі басшының азық-түлік дүкендеріне барғанын және сатушылардан жарамдылық мерзімі өткен азық-түлік жөнінде тиісті органдарға хабарламағаны үшін ақша талап еткені анықталды. Осылайша, олар қорқыту арқылы 7 кәсіпкердің әрқайсысынан 25 мың теңгеден алған.

Прокуратураның нұсқауы бойынша полиция аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

"Сот үкімімен кінәлі тұлғалар ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі 2), 3) тармақтары бойынша адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қорқытып алушылық үшін сотталды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Сотталғандардан материалдық залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура қоғамдық бірлестіктердің бақылау-қадағалау функциялары жоқ екендігін ескертеді.


Рекомендовать
Последние новости