Кәсіпкер Боранбаев әлі де тергеу орбитасында

Сағыныш Сардарова 22 мая 2024 10:50 2761

Олигарх Қайрат Боранбаевқа қарсы қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің тағы екі бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ол сотталған негізгі қылмыстық іс бойынша 14, 5 миллиард теңге көлемінде залал өтелді, бұдан басқа ол 120 миллиард теңге көлемінде залалды өтеді. 120 миллиард теңге, оған қоса 14,5 миллиард теңге - 134 миллиард теңге. ...Қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ, ол тергеліп жатыр, тағы да залал өтелуі мүмкін. ...Оған бюджет қаражатына қатысты күдік бар, сондай-ақ, салық төлеуден жалтару бар", - деді Елемесов мәжілісте.

Айта кетейік, былтыр 6 қарашада Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Ал оған дейін наурызда ол 8 жылға сотталды. Қыркүйекте жаза мерзімі 6 жылға дейін қысқарды.

Сонымен қатар, "бай құда" Астананың орталығындағы 4 жұлдызды қонақүйді, басқа да біраз мүлікті мемлекет меншігіне тапсырды. Ал аумағы бес мың шаршы метрден асатын қонақүй кешенінің жылдық айналымы шамамен 900 миллион теңгеден асады екен.

 


Рекомендовать
Последние новости