Сағынтаев тұсында 3 млрд теңгенің жері жеке меншікке өтіп кеткен

Сағыныш Сардарова 17 мая 2024 15:00 3388

Алматыда Медеу ауданының прокуратурасы "Медеу" табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін анықтады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жерлер жеке меншiкте бола алмайды. Алайда 2020 жылы табиғи парк аумағында жеке тұлғалар ауданы 35 гектар 10 жер учаскесіне меншік құқығын тіркеген болып шықты.

"Бұған Горнооктябрь ауыл әкiмшiлiгiнiң 1994-1997 жылдардағы жер учаскелерiн бөлу туралы шешiмдерiнiң бар екендігі жөнінде мұрағаттық анықтамалар негiз болды.

Мұрағаттық анықтама құқық белгілейтін құжат емес екеніне қарамастан, тіркеуші орган меншік құқығын заңсыз тіркеген", - деп жазылған хабарламада.

Алматы қаласының прокуратурасы бұл анықтамаларды және жер телімдерін иеліктен шығару жөніндегі кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.

Сот шешімімен прокурордың талап-арыздары қанағаттандырылып, "Медеу" табиғи паркіне кадастрлық құны 3 миллиард теңге сомасындағы жер қайтарылды.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев 2019 жылғы 28 маусым мен 2022 жылғы 31 қаңтар аралығында Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды.


Рекомендовать
Последние новости