Жобаның мақсаты — Қазақстандағы кәсіпкер әйелдердің жеке және бизнес-әлеуетін ашу. Ұйымдастырушылар ретінде «MamaSpace» жеке қоры және «Pipl» нетворкинг-бюросы бас серіктес – «Шеврон» компаниясының қолдауымен қатысады.
«Umay Rocket жобасына конкурстық іріктеудің негізгі өлшемдеріне сәйкес келетін Қазақстанның барлық өңірлерінің кәсіпкер әйелдері қатыса алады. Оқу онлайн өтеді және екі — оқыту және трекинг блоктарынан тұрады. Бағдарламаның атауы өзі туралы ақпаратты қамтиды.
Бағдарламадан толық өтіп, үй тапсырмалары мен бизнес-жаттықтырушылардың тапсырмаларын жауапкершілікпен орындаған қатысушылар өз ісінде керемет жетістіктерге қол жеткізеді.
Оқу кезінде қатысушылар сұранысқа ие өнім жасай алады, бизнесте табысын ұлғайта алады және белсене қатысып, жұмыла кіріссе, Umay Rocket бағдарламасының кәсіби бизнес-жаттықтырушылары мен трекерлерінің қолдауына ие болады», - дейді Umay Global жобасының негізін қалаушы, ТМД мен Орталық Азиядағы әйелдер кәсіпкерлігі күнінің ресми өкілі Мерей Мустафина.
Биыл ұйымдастырушылар 200 кәсіпкер әйелді оқытуды жоспарлап отыр. Бағдарлама кезінде қатысушылар гипотезалар қою мен тексеруге; сұранысқа ие өнім жасауға; қолдануға дайын минималды өнім (MVP) құруға және идеяларды тез тестілеуге; бизнесті ауқымдауға әрі бизнесте өсуге үйренеді. Оқу 2021 жылдың 12 ақпанында басталады, бағдарламаға қатысуға өтінімдер 2021 жылдың 8 ақпанына дейін қабылданады.
Толығырақ ақпаратпен жобаның rocket.umay.be ресми веб-сайтында таныса аласыз.
Байланыс үшін:
Umay Global бірге негізін салушы
Махаббат Садвакасова + 7 777 001 21 07
Email: sadva.makka@gmail.com , mamaspace.kz@gmail.com
«Шеврон» корпорациясы әлемнің жетекші ықпалдастырылған энергетикалық компанияларының бірі болып табылады. Біз шикі мұнай мен табиғи газды геологиялық барлауды, өндіруді және тасымалдауды; көлік отыны мен майлау материалдарын қайта өңдеуді, өткізуді және таратуды; мұнай-химиялық өнімдер мен қоспаларды өндіру мен сатуды жүзеге асырамыз; сонымен қатар технологияларды дамытамыз және қолданамыз. «Шеврон» Қазақстандағы жетекші жеке мұнай өндіруші компания болып табылады әрі еліміздің ең ірі екі кен орны – Теңіз және Қарашығанақ кен орындарында акциялар пакеттеріне ие. Корпорация Каспий құбыр желісі консорциумының ірі жеке акционері болып табылады, сондай-ақ Атырау қаласында полиэтилен зауытының және құбыр желісі арматурасы зауытының қызметін сәтті басқарып келеді.