Журналистер одағы мен «Әділ сөз» қоры Украина-Ресей мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Dalanews 12 мар. 2022 11:56 805

Қазақстан журналистер одағы мен «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры Украина-Ресей мәселесіне қатысты елдегі БАҚ өкілдері мен болгерлерге қарата мәлімдеме жасады, деп Dalanews.kz.

– Ресей-Украина шиеленісі қазір бүкіл әлемде талқыланып жатыр. Ол Қазақстандағы әлеуметтік желіде де қатты белсенділік туғызды. Азаматтар, бірінші кезекте журналистер Конституциямызда кепілдік берілген сөз бостандығын толық көлемде пайдаланып, ойларын еркін жеткізіп жатыр. Бірақ көбі өз пайымдарын қорғау кезінде қан қызуымен шектен асып кетуде. Ал ондай шек біткен жерде жек көру тілі басталады, – деп жазылған Қазақстан журналистер одағының ресми сайтына жарияланған мәлімдемеде.

Мәлімдеме авторлары бүгінгідей жағдайда ақпарат таратудың халықаралық стандарттары бар екенін еске салады.

«Естеріңізге саламыз: халықаралық стандарттар, атап айтқанда, ұлттық, нәсілдік немесе діни өшпенділікті насихаттауға тыйым салу жөніндегі Рабаттық іс-қимыл жоспары «жеккөрушілік» пен «дұшпандықты» мақсатты топқа қатысты айыптаудың, дұшпандықтың және наразылықтың терең және иррационалды сезімдердің көрінісі ретінде қарастырады. Яғни, сіз кез келген әрекетті немесе әрекетсіздікті жек көре аласыз, бірақ сіз азаматтығына, ұлтына, дініне байланысты, ұлтты, діни немесе басқа адамдар тобын жек көре алмайсыз.

Кімді болса да, әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ашық жек көру – қалай десек те, жанама бәлкім шамалы мөшерде болатын шығар, бәрі бір қарсы насихат. Осы сөзім арқылы адамдарды неге шақырып тұрмын? Мұның арты іс жүзінде неге әкелуі мүмкін? Өз пікіріңізді білдіре отырып, алдымен осы жағын ойлану керек, – делінген мәлімдемеде.


Мәлімдеменің түйіні кез келген пікірталас жалпы әдеп нормаларынан алыс кетпеуі керек дегенге саяды.

– Біз кез келген өткір мәселені сөзжарыс, пікірталас арқылы ашық талдауды қолдаймыз. Дәйектерге сүйенген, ешкімді қорламай, кемсітпей, қорқытып-үркітпей және агрессия танытпай дауласуды жөне деп білеміз. Қоғамдағы хаос – сөздегі хаостан, сөздегі хаос – бастағы хаостан басталады. Ондай тізбек кімге керек?

Журналистер мен блогерлердің өз ұстанымдарын білдірген кезде сөзжарыс мәдениетін, қарсыласқа деген құрмет пен қоғам алдындағы жауапкершілікті есте сақтауы бұрын-соңды дәл мұндай маңызды болып көрген жоқ деп есептейміз», - деп жазылған Қазақстан журиналистер одағы мен «Әділ сөз» қорының бірлескен мәлімдемесінде.

Рекомендовать
Последние новости