Жол жүрісі қағидаларындағы "Маршруттық көлік құралдарының басымдығы" деген бөлімнің 2 тармағы бірінші абзацын өзгерту ұсынылады:
2. 5.9, 5.10.1 – 5.10.3 белгілерімен белгіленген маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарда 07.30-дан 9.30 сағатқа дейін, 17.00-ден 20.00 уақыт аралығында қоғамдық көліктердің жүруі жүзеге асырылады және аялдайды (Қағидалардың 24-бөлімінің 2 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда), қалған уақыттарда және демалыс күндері осы жолақта қоғамдық көліктерден басқа көлік құралдары жүру және аялдау жүзеге асырылады, делінген қаулыда.
Қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.