Жұмыста ұйықтаған шенеунік өзіне ұйықтататын дәрі бергенін айтты (видео)

Dalanews 10 янв. 2018 08:27 826

Қырғызстанның Ноокат ауданы мемлекеттік статистика бөлімінің басшысы Расулбек Ташов Интернетте тараған видеоға қатысты түсініктеме берді. Видеода оның кеңсесінде бірнеше адам ұйықтап жатқан, ал үстел үстінде спирттік және басқа да сусындар болған.

Оның сөзіне қарағанда, бұл жазба президенттік сайлау өткен 16 қазаннан бір күннен кейін, қарсыластары жаманатты етіп көрсету үшін түсірген:
– Мен ол күні шырын іштім. Менің жауларым оған димедрол қосып қойыпты. Видео мені қаралау үшін түсірген. Мен спирттік ішімдік ішпеймін. Менің қасымда милиция қызметкері емес, қарапайым тұрғын отырды, – дейді.

Ташовтың сөзіне қарағанда, оның қарсыластары – ауданның статистика бөлімінің бұрынғы басшысы Байыш Дубанаевпен бірге істегендер.

Еске салайық, 9 қаңтарда Интернетте Ташов кеңсесінде үстел басында ұйықтап жатқан екі адам түсірілген видео тарады. Үстел басында спирттік ішімдіктің бос шөлмектері тұрған. Жергілікті ақпарат құралдары шенеуніктің қасындағы ер азаматты Шоокат ішкі істер басқармасының басшысы деп жазды. Аталған мекеме бұл ақпаратты жоққа шығарды.

 

https://www.youtube.com/watch?v=j5AjTg1hEpM

Рекомендовать
Последние новости