Жұманғарин Үкіметтің отставкаға кетуі туралы қауесетке жауап берді

Көркем Алдабергенова 11 дек. 2024 12:55 662

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин үкіметтің отставкасы туралы тараған қауесетке қатысты пікір білдірді.Ол мұндай ақпаратты бірінші рет естіп тұрғанын айтты,- деп хабарлайды Dalanews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп.

Алдымен Жұманғарин қауесеттерге пікір білдірмейтінін атап өтті. Ол бұл ақпараттың сенімді әрі ресми дереккөзі болған жағдайда ғана пікір білдіруге дайын екенін жеткізді.

– Мен үкіметтің мүшесімін және қауесеттерді талқыламаймын, түсінесіз бе? Маған сенімді әрі ресми дереккөзді көрсетсеңіз, сонда ғана пікір білдіремін, – деп түсіндірді ол журналистерге.

Үкіметтің отставкасына қатысты мүмкін болатын себептер туралы сұраққаЖұманғарин мұндай сұрақты бірінші рет естіп тұрғанын айтып, таңданысын білдірді.

– Сіздер айтып тұрған нәрсені мен алғаш рет сіздерден естіп тұрмын. Қазір сізге жылдам жауап табуым керек пе? – деп жауап берді Жұманғарин.

Азаматтардың жиналып қалған наразылығы туралы және оның үкіметтің отставкасына әкелуі мүмкіндігі жөнінде қойылған сұраққа Жұманғарин бұл туралы осы сұрақ қойылғанға дейін мүлде ойламағанын айтты.

– Қазақстандар, жалпы, адамдар өз ортасында көп нәрсеге наразы болады, түсінесіз бе? Бұл тек үкіметке қатысты емес. Кейде адамдар бір-біріне де наразы болады, – деп жалғастырды вице-премьер.

Үкіметтің жылдық жұмысының қорытындылары туралы сұраққа Жұманғарин бұл мәселе тым ауқымды екенін мойындады. Дегенмен, өзінің жауапкершілік саласына қатысты жұмыстың сәтті өткенін атап өтті.

– Менің ойымша, біз "төрттік" деңгейінде жұмыс істедік. Су тасқынына, шегіртке шабуылына қарамастан, біз өнімді сақтап қала алдық, дұрыс па? Оны жинап, қазір сәтті өткізіп жатырмыз. Бұл біз шешуіміз керек негізгі міндеттер еді. Шынымды айтсам, бүгін залдағы атмосфераны көрдік. Ол достық көңіл-күйде өтті. Қатты сын болған жоқ. Өткен жылдарды елестетіңіз. 2023 жылы ауыл шаруашылығы туралы есеп болғанда, құрғақшылық пен басқа қиындықтардан кейін, ахуал басқаша еді. Қазір қоғамда өткір тақырыптар жеткілікті, – деді ол.


Рекомендовать
Последние новости