Alem School бес жылдық мерейтойын атап өтті

Жарбол Кентұлы 09 дек. 2024 19:12 1073

Бүгін Central Asia аймағындағы алғашқы бағдарламалау мектебі Alem School өзінің бес жылдық мерейтойын атап өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мерейтой аясында студенттер, түлектер, серіктестер және IT саласының жетекші өкілдерін жинаған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара Rixos President Astana қонақ үйінде өткізілді, онда қатысушылар әлемнің түкпір-түкпірінен келген IT мамандарымен тәжірибе алмасты, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерді талқылап, сандық болашаққа қадам жасау мүмкіндігіне ие болды.

Бес жыл ішінде Alem School жетекші білім беру орталығы ретінде танылды және Tesla, Google, Amazon сияқты әлемдік компанияларда және Kaspi, InDrive, Forte Bank сияқты Қазақстанның ең ірі компанияларында жұмыс істейтін 600-ден астам жоғары білікті маман даярлады.

– Біздің мақсатымыз – студенттерді тек бағдарламалауға ғана емес, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға үйрету, сонда олар қазіргі еңбек нарығының талаптарына бейімделе алады. Біз Қазақстан мен әлемнің IT саласын дамытуға елеулі үлес қосатын мамандарды даярлауды жалғастырамыз, – деп атап өтті Alem School Директорлар кеңесінің төрағасы Ермек Күзенбаев.

Мектеп студенттердің нақты жобалармен жұмыс істеуіне негізделген бірегей модель бойынша жұмыс істейді. Дәстүрлі оқу орындарынан айырмашылығы, мұнда дәрістер мен оқытушылар жоқ – студенттер бір-біріне үйретеді және практикалық дағдыларды дамытады, бұл оларға еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуға көмектеседі.

Alem School өз жұмысын бастағаннан бері 16 набор ұйымдастырып, 920-дан астам студент қабылдады. Қазіргі уақытта мектепте 350-ден астам студент оқып жатыр.

– Біз түлектеріміздің жетістіктерімен мақтанамыз және келесі 5 жылда Alem платформасын дамыту, жаңа технологиялар мен әдістемелерді енгізу арқылы халықаралық IT нарығына қосымша мамандар даярлайтынымызға сенімдіміз, – деді Ермек Күзенбаев.

Alem School өз миссиясын орындауды және студенттердің кәсіби өсуіне мүмкіндіктер ұсынуды жалғастыруда.

 


Рекомендовать
Последние новости