ЖСДП жемқорлыққа қарсы резолюция қабылдады

Dalanews 13 мар. 2023 11:30 907

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Республикалық сайлауалды штаб кеңсесінде жиналыс өтіп, шараның нәтижесінде маңызды шешім қабылданды. 

«LRT – жемқорлық ескерткіші» тақырыбында ұйымдастырылған митингтің қорытындысында партия белсенділері жемқорлықтың мемлекетті күйрететінін, адамдар арасындағы сенімділікті азайтатынын, мемлекеттік институттарға деген сенімді жоятындығын мәлім етті.

"Парақорлықпен күрес кезінде, әсіресе саяси деңгейде, батыл шаралар қолданылмаса, Қазақстан тұрақты даму жолына түсе алмайды деп есептейміз. Жемқорлықтың ең басты тосқауылы ретінде халықтық парламенттік бақылау жасақтауды, қала азаматтары қалалық шешімдерді қабылдай алатындай плебисцит институтын енгізуді, мемлекеттік органдардың қайталанатын функцияларын бірінші басшылардың толық дербес жауапкершілігімен қысқартуды талап етеміз", – деді партия мүшелері.

Бұдан бөлек орталық және жергілікті атқару органдарында барлық деңгейдегі депутаттар мен шенеуніктердің кіріс-шығысы туралы міндетті жария декларацияны шұғыл түрде енгізу қажет. Жемқорлармен нәтижелі күрестің жалғыз қаруы - негізсіз баюға қарсы қылмыстық бап енгізуді де күн тәртібіне кіргізу міндет. 


"Жемқорлық қылмыс жасағаны үшін мерзімінен бұрын босату құқығынсыз барынша ұзақ мерзімге жазалауды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында әр 5 жыл сайын жауапты лауазымдарды атқаратын мемлекеттік және саяси қызметшілерді ротациялауды талап етеміз", – деді ЖСДП.

Рекомендовать
Последние новости