Жөндеу жұмыстары баяғы Алматыны еске түсіріп, сағыныш сезімін оятады

Dalanews 19 сент. 2021 12:37 861

Алматыда Қала күніне орай аты аңызға айналған субұрқақ іске қосылып, жөндеуден өткен Абай атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театры ғимаратының алдындағы гүлзар ашылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жүргізілген жұмыстардың көлемі мен сапасын бағалап, аумақты абаттандыру жобасын талқылауға қатысқан осы ауданның тұрғындарымен әңгімелесті.

Бастапқыда кеңістікті қайта құру идеясынан бас тартып, Абай атындағы ҚҰАОБ айналасындағы бүкіл ансамбльді қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Осы мақсатта мамандар мен сәулетшілер тартылып, мұрағат деректері мен фотосуреттер зерттелді. Сондықтан барлық бөлшектер максималды дәлдікпен әрі тарихи сеніммен қалпына келтірілді.



Тарихи сәулеттік келбетті сақтап, қалпына келтіру үшін «Неделька» субұрқағының шамдары, аркалары мен «абажурлары» қалпына келтірілді. Сонымен қатар, кіру тобындағы бір кездері жойылған субұрқақтар қалпына келтірілді.


Саябақтар мен скверлерді қайта құру арқылы тұрғындарға жайлы орта мен сүйікті демалыс орнын сыйлаймыз. Мұндай жұмыстар қаланың барлық аудандарында, соның ішінде ең шалғай шағын аудандарда да жүзеге асырылады.

ҚҰАОБ алаңы, «Неделька» субұрқағы, Қастеев саябағы, Ботаникалық бақ, Тұңғыш Президент саябағы қаланың өзіндік тұтас жасыл белдеуін құрайды. Қаланың «жасыл» белдеуі құрылады, ол қоғамдық кеңістіктермен үйлеседі.

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская атап өткендей, Абай атындағы ҚҰАОБ маңындағы скверлер мен субұрқақ тобы қалпына келтірілгеннен кейін субұрқақ пен арка жаңа келбетке ие болды.

– Бұл жер жаңа дем алып, қонақтар мен шетелдік туристер үшін тартымды аймақ болмақ. Олар судың үстінде ілулі тұрған жеті аркадан ұлттық нақышты көре алады. Сол маңға әдемі көрік беріп тұрған жаңарған "Неделька" кешкі уақытта ерекше. Маңайы жарық әрі жайлы орындар кешкі Алматының бірегей атмосферасын сыйлайды, – дейді Н. Ливинская.


Сквер мен «Неделька» субұрқағының ашылуына келген қала тұрғындары жаз бойы жөндеуден өткен сүйікті орынның қалай құлпыра түскенімен бөлісті. Қалпына келтірілген саябақ үшін алғыс білдірді. "Бұл жерде ескі дәуірдің рухы оянады. Операға барар алдында субұрқақтың жанында отыру дәстүрі бар. Енді немерелерімді осында әкелемін. Біздің қаламыз өзгеруде және бұл қуантады", - деп бөлісті алматылықтар. Бұл Алматының туған күніне тарту етілген тамаша сыйлық. Жастық шақтың бір бөлшегі қайтарылғандай іспетті.

Рекомендовать
Последние новости