Жолдау ауыл халқының жағдайын жақсартуды көздейді

Dalanews 17 окт. 2019 12:58 841

Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы мен Еуразиялық ынтымақтастық институтының ұйытқы болуымен Көкпекті ауданында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын сарапшы мамандар жергілікті халықпен бірлесіп талқылады.   

Жиын барысында ҚР Президенті жанынан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Ерлан Сайров Жолдауға қатысты көкейде жүрген ойларын ортаға салды. Ол Мемлекет басшысының Жолдауда атап көрсеткен шекаралық аймақтарды дамыту, әлеуметтік тұрғыдан аз қамытылған отбасыларының жағдайын түзеу, ел жастарына сапалы білім беру мәселелері жайында баяндады.

– Өз басым Президент Жолдауындағы өңірлеге қатысты ой-пайымының маңызы зор деп есептеймін. Өйткені Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Қазақстан халқының 42 пайызы ауылды жерлерді мекендейтінін жақсы біледі. Сондықтан Жолдауда өңірлерді дамыту ісіне айрықша көңіл бөлді. Орталықтан жырақта жатқан ауылдардағы әлеуметтік жағдайды дамыту бүгінде кезек күттірмейтін мәселе. Себебе еліміздің өзегі ауылда жатыр. Қазақ халқы мен ауылдың арасында көзге көрінбейтін рухани байланыс бар.

Алдағы уақытта атқарушы билік ауылдағы әлеуметтік жағдайды шешуге барынша күш салатын болады. Бұл үшін ұзақ мерзімді бағдарламалар қажет. Ауылды түлетуге қатысты маңызды ұсыныстар Ұлттық сенім кеңесінде де айтылды.


Қазіргі таңда еліміздегі ауылды жерлерді өркендетуді көздейтін жобалар қарастырылуда. Жақын уақытта олар пісіп, жетіліп халық назарына ұсынылатын болады, – деді белгілі саясаттанушы.



Өз сөзінде Ерлан Сайров Жолдаудағы педагог мәртебесін көтеру ісі де еліміздегі жастардың ойлау жүйесіне дамытып, олардың жан-дүниесінде рухани және технологиялық өзгерістер жасайтынын алға тартты.

Дөңгелек үстелге қатысқан бизнес, мемлекеттік қызметкерлер Жолдауға қатысты өз ойларын ортаға салды.

 

Рекомендовать
Последние новости