Жолаушы көлікке маскасыз мінсе, жүргізуші куәлігінен айырылады

Dalanews 21 окт. 2020 07:56 910

Түркіменстанда маска тақпағандарға айыппұл салынуда. Осындай тапсырма елдің ішкі істер министрлігінің отырысы кезінде айтылған.

«Жиналыс кезінде елдің ішкі істер министрінің орынбасары маска тақпағандарды, олардың ішінде әйелдер не қариялар болсын, ешкімді аямай, айыппұл салуға тапсырма берді. Тіптен олар нан табуға ақшам жоқ деп жалынса да, айыппұл төлеткізу керек деп тапсырма берді» дейді аты-жөнін жасырған ІІМ шенеунігі.

Тапсырманы орындамаған полиция қызметкерлерінің өзіне айыппұл салынсын деп жиналыс кезінде қатаң ескерту жасалды дейді шенеунік.

Жергілікті тұрғындар да көшеде полиция қарасының көбейгенін айтады.

«Егер көлікте бір адам маскасыз отырса, жүргізушінің куәлігін тартып алып жатыр. Бірінші рет оларды ескертумен босатады, екінші рет ұсталса, 50 манат ($14) айыппұл төлейді. Егер тағы маскасыз жолаушы тасыса, 250 манат ($71,5) айыппұл салынады» дейді тілші.

Түркіменстан билігі коронавируспен күрес шараларын күшейткенімен, елінде бірде бір вирус жұқтырғандар анықталмады деп келеді.

Бірақ биресми мәліметтер бойынша, ауруханалар науқасқа толып қалған.

Рекомендовать
Последние новости