"Жол апаты болған көлікте Болат Назарбаев та отырған". Ералиеваның ұлы қайғылы күн туралы айтты

Көркем Алдабергенова 04 мар. 2024 10:14 61246

Әнші Мәдина Ералиеваның ұлы Арсен Ералы анасы туралы естеліктерін айтып, әншінің Болат Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты,- деп хабарлайды Dalanews.kz

"Ол кез өте ауыр сәт болды. Қазір есіме алар болсам, анамыз қайтыс болғаны туралы ақпаратты Нағима Есқалиева апамыз естіртті. Кешкі уақытта үйдің телефонына қоңырау шалды. Орысша сөйлейді ғой, "Арсенчик, это Нағима апа, мне надо встретиться с тобой, я сейчас еду к тебе домой" деді. Мен таңғалдым, өмірі хабарласпайтын, біртүрлі болып қалдым. Далаға шықтым, үйге келіп естіртті. Мен сенбедім. Анамның қайтыс болғанын ойлап әлі күнге жыламағанмын, әлі күнге дейін күтіп жүргендей сезім бар. Маған естірткенде сенбедім.

Қайтыс болған кезде жанында, көліктің ішінде Болат Назарбаев болған. Сол кісі маған хабарласты. Ол кісі ол кезде Байқоңырдың мәйітханасында болған. "Арсен, бұл рас, анаң қайтыс болды» деді.

Мен ол кезде 19 жастағы баламын. Артынан анамның сіңлісі келді, үйде адамдар қаптап кетті. Мең-зең болып, не істеп, не қойғанымызды білмеймін", - дейді Арсен Ералы Stan.kz-ке берген сұхбатында.

Сонымен қатар, өнер иесінің ұлы Мадина Ералиева мен Болат Назарбаевтың қарым-қатынасы туралы айтты.

«Иә, олар ерлі-зайыпты болды. 1996 жылдан бастап заңды түрде ерлі-зайыпты болды. Әрине, ол кезде 15 жасар баламын, қызғаныш болды. Бірақ ол кісі (Болат Назарбаев) қарапайым, жақсы кісі болған. Ол анамның өз таңдауы ғой. Мен оған қарсылық білдірмедім», - дейді Арсен Ералы.

Айта кетейік, ерекше дауыс иесі Мәдина Ералиева 1974 жылы Қызылорда педагогикалық училищесінің музыка факультетін, төрт жылдан кейін Қазақ қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген. Мәдина Ералиева ажал құшқанға дейін Алматы облыстық филармониясында жұмыс істеген. Ералиева 2000 жылы Арал-Ташкент тасжолының бойында Қызылорда облысындағы Майлыбас айрығы тұсында жол апатынан қайтыс болды.


Рекомендовать
Последние новости