Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты мәлімдеме жасады

Кәмшат Тілеухан 12 авг. 2025 12:12

Үкімет Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) және концессия саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде жаңа шаралар қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата МЖӘ жобалары мен концессиялық жобалардың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізген болатын. Нәтижесінде олар бойынша мемлекеттік міндеттемелердің көлемі жекеше әріптестерге қарағанда едәуір жоғары екені анықталды. Жалпы сомасы 1,4 трлн теңге инвестицияларға (объектілерді салу үшін) мемлекет 2 трлн теңгеден астам шығыстарды өтейді, бұл - 1,4 есе көп. Бұл жекелеген жобалардың құнының жоғары болуына, сондай-ақ валюталық тәуекелдерді өтеу, инвестициялар құрамына қарыздарды қосу және т. б. сияқты қолдау механизмдеріне байланысты. Жобалардың күрт қымбаттауын болдырмау және бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін Жоғары аудиторлық палата Үкіметке концессиялық жобаларды іске асыратын жекеше әріптестерге валюталық тәуекелдерді өтеу тәсілдерін қайта қарауды ұсынды", делінген палатаның ресми хабарламасында.

Нәтижесінде "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" заңға тиісті өзгерістер енгізілді:

  • енді әрбір келісімшартта валюталық тәуекелдердің қалай бөлінетіні және оларды қалай өтеуге болатыны жазылуы тиіс (мысалы, қайта қаржыландыру арқылы).

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палата Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысандарын салу немесе қайта жаңарту құнының, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың және жекеше әріптестердің шығындарын өтеу көздерінің есебін жүргізу әдістемесіне жекелеген нормаларды реттеу бөлігінде өзгерістер енгізуді тапсырды.

"Енді құжатта мемлекет жекеше әріптестердің шығындарын, оның ішінде МЖӘ нысанының инженерлік және технологиялық жабдықтарын күтіп-ұстауға, сондай-ақ бірегей жабдықпен жұмыс істеуді үйретуге арналған шығындарын өтейтіні нақты жазылған. Аталған түзетулер министрліктің биылғы 16 маусымдағы бұйрығымен бекітілді. Олар МЖӘ жобалары бойынша шығындар құрамы мен операциялық шығыстар көлемін айқындау кезінде екіұшты түсіндірулерді болдырмауға мүмкіндік береді", деп нақтылайды Жоғары аудиторлық палата.

Бұған

 


Рекомендовать
Последние новости