Жетісудағы «Zhetysu invest» орталығы өңірге инвестиция тарутға серпін берген

Dalanews 13 окт. 2023 05:59 1049

Жетісу облысында 2022 жылмен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған шағын, орта бизнес субъектілерінің саны 28,4%-ға ұлғайып, 59,7 мың бірлікке жетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде облыста кәсіпкерлік салада 102,9 мың адам еңбек етеді, бұл 2022 жылғы деңгейге қарағанда 21,8%-ға артық.

Жетісу облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының деректері бойынша 2023 жылға кәсіпкерлікті дамыту үшін 6,8 млрд. теңге бөлінді, оның  6,1 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 723,7 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылды.

– Бүгінгі таңда жалпы кредит сомасы 15 млрд теңге болатын 335 жоба мақұлданды. «Бастау бизнес» жобасы бойынша 3809 адам оқытуға жіберілді, соның 2752-сі оқуын аяқтады, 565-і өз ісін ашты. 400 АЕК-ке дейінгі 302,2 млн.теңге болатын мемлекеттік грант 219 адамға берілді. Ал жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 1 қазанға дейін 1,2 млрд. теңгеге 268 бизнес-жоба мақұлданды, – делінген басқарманың хабарламасында.


Бұдан бөлек, ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру аясында өңірге республикалық бюджеттен 3,2 млрд. теңге бөлінуде. 1 қазандағы жағдай бойынша 3,6 млрд теңгеге 547 өтінім қабылданды, оның ішінде 1,2 млрд теңгеге 218 өтінім мақұлданды және 1,2 млрд теңгеге 216 қарыз берілді, оның ішінде ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлері бойынша 33,2 млн теңгеге 6 микрокредит берілген. Соның нәтижесінде 5 кооператив құрылып, 206 жеке кәсіпкер тіркелді.

Айта кетейік, бизнесті қаржылық емес қолдау шеңберінде биылғы жылдан бастап Жетісуда «Zhetysu invest» инвестиция тарту өңірлік орталығы жұмыс істейді. Соның негізінде «бір терезе» форматында бизнесті дамыту мен инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық шаралары ұсынылады.

Орталықтың филиалдары Талдықорған мен Алматыда орналасқан. Сондай-ақ тұрақты негізде «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызмет көрсетеді.

 

Рекомендовать
Последние новости