Шығыс Қазақстан облысындағы 14 кәсіпорынға «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді

Dalanews 13 окт. 2023 05:49 1121

Шығыс Қазақстан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының орынбасарының міндетін атқарушы Ғалия Тоқтасынова және ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім бастығы Қуаныш Ерғазиновтың қатысуымен "2023 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстың  қорытындысы" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторларымен 1139 өтініш қаралды. Облыстың 103 кәсіпорнында 1161 қызметкердің алдында 818,2 млн теңге сомасында жалақы бойынша берешек анықталған.

– Облысымызда еңбек мәселелеріне қарасты 387  тексеру жүргізіліп, 1548 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 737, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 769, халықты жұмыспен қамту бойынша – 42 және 258 нұсқама берілді.

30,2 млн теңге  сомасына 141  жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыстың 103 кәсіпорнында 1161 қызметкердің алдында 818,2 млн теңге сомасында жалақы бойынша берешек анықталды.


Қазіргі уақытта жалақы бойынша жалпы берешек 101 кәсіпорында  534,1 млн. теңге төленді. Облыс аумағында еңбек жанжалдарына жол берілмеді, – деді ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының орынбасарының міндетін атқарушы Ғалия Тоқтасынова.

Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек инспекторларымен еңбек заңнамасының нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді. Мәселен бұқаралық ақпарат құралдарының алдына жиі шығып, тұрғындармен, ұжымдармен кездесулер өткізіп келеді.

Сонымен қатар өндірістік жарақаттануды азайту мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік және ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдау негізінде 2021 жылы облыста 2025 жылға дейін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленіпті.

– Облыстың 14 кәсіпорнында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді, онда денсаулық жағдайы бойынша қауіпсіз жұмыс жүргізуді бақылау және персоналды қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқыту бойынша жұмысқа ауыстырылған 64 адам жұмыс істейді.

Өңірдегі 42 кәсіпорын «Vision Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына қосылды. 181 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттары енгізілді.


Өңірде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 1298 өндірістік кеңес жұмыс істейді. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы, полиция департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, облыстық кәсіподақ орталығы және шағын және орта бизнес қызметкерлерінің кәсіподағы арасында өндірістік жарақаттануды жасыруға жол бермеу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, – деді ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім бастығы Қуаныш Ерғазинов.

Облыстағы кәсіподақ өкілдері және өндіріс ошақтарындағы қызметкерлерімен еңбек инспекциясының мамандары, жазатайым оқиғаларды алдын алу, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту, еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша үнемі кездесу өткізіп тұруды дәстүрге айналдырған.

 

Рекомендовать
Последние новости