Жетісуда оңалту орталықтары белсенді жұмыс істейді

Dalanews 24 нояб. 2023 07:44 927

Талдықорған қаласында биыл «Қамқорлық» қорымен бірлесіп аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық және мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Асар» спорттық-оңалту кешені ашылды.

Бүгінде Талдықорған қаласы бойынша 300 адамға, оның ішінде 54 балаға оңалту қызметі көрсетілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Баяндамашының сөзіне сүйенсек, Алакөл көлінің жағалауында 6-18 жас аралығындағы мүгедектігі бар балаларға арналған 35 орындық сауықтыру жазғы лагері ретінде жұмыс істей бастаған. Сонымен қатар келесі жылы Талдықорғанда 150 орындық Оңалту орталығының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

– Биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен және демеушілер көмегімен 14 Инватакси сатып алынды. Сөйтіп инватакси саны 36-ға жетті, – деді Б. Исабаев.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі


Рекомендовать
Последние новости