Жетісуда қуаты 1ГВт жел электр стансысы салынады

Dalanews 24 нояб. 2023 07:47 1003

Жетісу облысында баламалы энергетиканы дамытудың әлеуеті зор. Жоғар қақпасы аумағында қуаты 1ГВт ірі жел электр стансысын салу жоспарланып отыр.

Бұл жайында бүгін Астана қаласында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты. Баяндамашының айтуынша, аталған жобаға Сауд Арабиясынан 883,5 млрд. теңге инвестиция тартылады.

– Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, Алакөл аудандық әкімдігі жер учаскесі бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу туралы қаулы шығарды, – деп атап өтті Б. Исабаев.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі


Рекомендовать
Последние новости