Жетісуда жастар кадрлық резервке іріктеу ісі басталды

Dalanews 09 сент. 2019 05:13 860

Алматы облысында қыркүйек айының алғашқы жұлдызынан бастап Президенттік жастар кадр резервіне тіркеу басталған болатын. Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев мәлімдеді.

Облыста президенттік жастар кадр резервіне тіркелу ісі онлайн платформада жүргізілуде. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады.

Бірінші кезекте үміткерлер тест тапсырып, кейін эссе жазады. Бұл арқылы қатысушылардың ой-өрісі, грамматикасы мен көшбасшылық қабілеті бағаланады.

Онлайн сыннан сүрінбей өткендер бейнежазбалар арқылы өз жобаларын қорғайтын болады. Іріктеу соңында эксперттік комиссия әр үміткермен жеке кездесу өткізеді. Ең көп балл жинаған кандидаттар тізімі ҚР Президенті жанындағы жастар кадрлік резервін жасақтайтын ұлттық комиссия отырысында белгілі болады.

Жастар кадр резерві – бұл қызметтік өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқару біліктіліктерінің жоғары деңгейіне ие, өзін-өзі кәсіби дамытуға, оқып-үйренуге бейім, сараптамалық ақыл-қабілеті айқын көрінетін көшбасшылық сипатқа ие жастарға арналған қолау шарасы.

Президенттік кадр резерві алдағы реформалардың локомотиві болатын жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифтті құру мақсатында қалыптастырылады.

Азаматтар Президенттік кадр резервіне 5-жылдық мерзімге алынады. Резервке тұрған азамат саяси немесе басқарушы лауазымдарға, ұлттық холдингтердің немесе компаниялардың басқарушы лауазымдарына тағайындала алады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы қатыса алады.

Рекомендовать
Последние новости