Жетісуда газдандыру 45%-ға, ауыз сумен қамту 86%-ға жетті

Dalanews 01 нояб. 2017 07:54 942

Биылғы жылы «Алматы – Талдықорған» магитсралды газ құбырының құрылысы аяқталды. Қазіргі кезде Алматы облысының 11 ауданында газдандыру жұмыстары жүріп жатыр.Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингісінде белгілі болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Табиғи газды асыға күткен облыс тұрғындарының көпшілігі биылғы жылы көгілдір отынға қол жеткізді. Сөйтіп өңірді газдандыру 23% құрап отыр.

– Табиғи газға өтудің артықшылығы өте көп: біріншіден,өңір тұрғындарының жылуға кететін шығыны азаяды, екіншіден,тұрғындардың өмір сүру қолайлылығы артады, ең бастысы басқа отын түрлеріне қарағанда экологиялық жағынан таза, – деді Амандық Баталов.



Еске салсақ, 2020 жылға қарай Алматы облысының бес ауданы мен Қапшағай қаласы толығымен 100% газдандырылады, ал жалпы облыста газбен қамту деңгейі 45%-ке жетеді.

Сол сияқты Алматы облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамту 86%-ға жетті. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш (ҚР- бойынша – 55 %). Бұл мәліметтерді облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.  

Брифингіде белгілі болғанындай, биылғы жылы Алматы облысында жалпы құны 9,9 млрд. теңге болатын 107 жоба жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде 18 елді мекенге су құбыры жүргізіліп, 80-інде су сапасы жақсарады.

Алматы облысы әкімі А.Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметіндегі брефингі

 

https://dalanews.kz/31762

Рекомендовать
Последние новости