Жетісу облысы ветеринарлардың айлығын көтеру үшін 3 млрд 166 млн теңге бөлді

Dalanews 21 июл. 2023 18:35 716

Сарқан ауданына арнайы жұмыс сапармен барып, халықпен кездескен Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаев аудандағы мал шаруашылығының дамыту мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде ауданда мал басының өсуіне қарамастан мал шаруашылығы өнімдерінің өсімі байқалмауда. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 6,7 мың тоннаға жуық ет және 22,5 мың тонна сүт өндірілген.

Бүгінде ауданда малды асылдандыру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеуде. Сондықтан мал басын асылдандыруды қолға алу қажет.

Бейбіт Өксікбайұлы аудан әкімі Ғалымжан Маманбаевқа селекциялық жұмысты күшейтіп, өнімнің көлемін арттыруды тапсырды.

Жиында ветеринария саласы ерекше аталды. Себебі, аталмыш салаға үлкен көңіл бөлінуде. Ондағы инфрақұрылымды жақсарту, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мен қатар, осы сала мамандарының жалақыларын көтеру мақсатында облыстық бюджеттен 3 млрд 166 млн теңге бөлген.

Бүгінде ветеринариялық препараттарды тасымалдау үшін 1 рефрежератор автокөлігі, 20 дана қызметтік автокөлік, планшеттер мен компьютер жиынтықтары сатып алынған. Сонымен қатар 18 дана модульді ветеринариялық пунктің құрылысы басталды. Ал Сарқан ауданы бойынша 38,2 млн теңге бөлініп, Черкасск ауылдық округінде бір ветеринариялық пункт салынады және екі автокөлік пен қажетті компьютерлік жабдықтар сатып алынды.

– Ендігі негізгі мақсат – малды уақытында егіп, қанын тексеріп ақпараттық базаға салып отыру керек. Жалған тексердік, ектік деп есеп беруді тоқатату қажет. Құрметті ағайын, бір нәрсені түсінуіміз керек. Бұлай алдасақ, өзіміздің, балаларымыздың денсаулығына балта шабамыз. Жейтін етіміз, ішетін сүтіміз сол малдан шығады. Кейіннен бала ауырды деп, мыңдаған ақша шығарып емдейміз. Оның қажеті жоқ. Жейтін тағам, ауа, су бірінші кезекте болуы тиіс. Сондықтан, осы саладан ақша аямуыымыз керек. Мал мен адамның денсаулығы бір-бірімен тікелей байланысты, – деді облыс басшысы.

Рекомендовать
Последние новости