Жастар балалар үйі тәрбиеленушілеріне қуаныш сыйлады

Dalanews 25 нояб. 2018 15:58 973

Созақ ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы КММ-нің бастамасымен Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы балалар ауылында тәрбиеленіп жатқан Созақ ауданының төрт жасөспіріміне құрмет көрсетілді.

Диар, Дидар, Нұрайлым Мадияровтар Созақ ауданы Қыземшек кентінде дүниеге келген. Ал Толғанай Масалиева Шолаққорған елді мекенінің тумасы. Бес жылдан бері аталмыш балалар ауылында тәрбиеленіп келеді.

Төрт баланы қыстық киімммен қамтыды. Сонымен қатар сол жердегі тәрбиеленушілерге сыйлықтар мен тәттілер үлестірді. Ал, Созақ ауданы мәдениет үйінің әншілері әннен шашу шашты. Өз кезегінде тәрбиеленушілер де аянып қалаған жоқ. Өнерлерін ортаға салды.

Созақтық Диар Мадияров жерлестеріне жүрек жарды лебізін білдірді. Ол өз сөзінде:

– Сіздерге айтар алғысым шексіз. Бізді елеп-ескеріп келгендеріңізге өте қуаныштымын. Мен өз туған жерімді жақсы көремін, сағынып жүрмін. Сіздерді көріп сағынышым басылғандай болды. Мен сіздермен біргемін, Жерлестер! – деді. Түрлі ұлт өкілінен құралған алпыстан аса балаға ана болып отырған Меруерт Сүйіндікова ханымға, Жеңісәлі Бақытжанұлы өз рахыметін айтып, сый-сияпатын жасады.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости