Жас көшбасшылар әлеуметтік бастамаларды талқылау үшін Астана мәслихатының депутаттарымен кездесті

Жарбол Кентұлы 02 нояб. 2024 19:55 2983

Астана қаласы мәслихатының депутаттары «Әрекет ету уақыты» өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық құрылтайына қатысушылармен кездесіп, әлеуметтік бастамаларды талқылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстанның өңірлерінен мектеп парламенттерінің 20-ға жуық президенті мен елордалық мәслихат депутаттары қатысты. Ашылу салтанатында Астана қаласы мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы  Асқар Смағұлов құттықтау сөз сөйледі.

– Бүгін біз жастарды, мектеп қауымын толғандыратын мәселелерді талқылау үшін жиналдық. Әріптестерім мәслихаттың қызметі туралы айтып, өз тәжірибелерімен бөліседі. Сіздердің әрқайсыңыз өз мектебіңізде түрлі мәселелер мен қиындықтарға кезігіп, оларды шешудің бірегей жолдарын тауып, жаңа идеялар енгізіп, мектеп өмірін қызықты әрі мазмұнды етуге көмектесетін іс-шаралар мен жобаларды ұйымдастырып жатқандарыңызға сенімдімін.

Сіздердің күш-жігерлеріңіз қазірдің өзінде жемісін беріп жатыр, бірақ бұл сапардың басы ғана екенін түсіну маңызды, – деді ол.

Асқар Смағұлов шара барысында мұндай кездесулер жастар үшін өзекті мәселелерді жақсы түсінуге ықпал ететінін және қалалық деңгейде шешім қабылдау жүйесі туралы білуге көмектесетінін атап өтті.

– Құрметті қатысушылар, осы уақытты белсенді пайдалануға шақырамын. Жобаларыңызбен, тәжірибелеріңізбен бөлісіңіздер, көкейге тұнып қалған сұрақтарыңызды қоюдан тартынбаңыздар, толғандыратын тақырыптарды талқылаңыз. Бұл кездесу сізге жаңа достар мен пікірлестерді табуға, сіздің ұмтылыстарыңызда жалғыз емес екеніңізді, әлемді жақсырақ етуді қалайтын және басқа жігіттердің бар екенін көруге мүмкіндік болсын. Ал біз өз кезегімізде сіздердің идеяларыңыздың жүзеге асуын жеңілдетіп, істеріңізде табысқа жетуге барынша күш саламыз, – деп түйіндеді сөзін Асқар Смағұлов.

Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, кездесудің негізгі мақсаты – жастар мен мәслихат өкілдері арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысуы үшін жағдай жасау.

Бүгіне Астана қаласының мәслихаты тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды белсенді түрде қолдап келеді. Мәслихат депутаттары қаланың даму жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекітіп, олардың орындалуын қадағалауда маңызды роль атақарады.

Мәслихат депутаттары қаланың әлеуметтік нысандарының (мектептер, денсаулық сақтау ұйымдары, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған тұрғын үйлер) мәселелерін талқылап, олардың шешімін табуға атсалысады. Айталық, мәслихатта елорданың әлеуметтік нысандарының проблемалық мәселелері бойынша есеп тыңдалып, тиісті шаралар қабылданды.

Осылайша, Астана қаласының мәслихаты әлеуметтік бастамаларды қолдау арқылы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосуда.


Рекомендовать
Последние новости