«Жария сектор» ақпараттық жүйесі қылмыспен күресуші органдардың жұмысын жеңілдетеді

Жарбол Кентұлы 30 июн. 2025 15:27

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» автоматтандырылған «Жария сектор» ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Күнделікті баспасөз беттерінен және ресми ақпарат көздерінен оқып танысып жүргендей бүгінгі таңда барлық қылмыстық процестер цифрлану кезеңін басынан өткеріп жатыр. Бұл дегеніміз ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық  статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі-Комитет) маңызды басымдықтарының бірі - ақпараттық жүйелерді үнемі жаңғырту, жетілдіру және Мемлекет басшысының, Бас Прокурордың тапсырмаларын іске асыру жөніндегі бағдарламалық құжаттарды уақтылы және сапалы орындау басты міндеттердің бірі болып табылады. Қылмыстық сот ісін жүргізуді цифрландыру Қазақстанның қылмыстық саясатының маңызды бағытын білдіреді және ыңғайлы қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы қылмыстық процестің негізгі қағидаттарын – заңдылықты, жариялылықты, жылдамдық пен толықтықты сақтауға кепілдік береді.

Сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеудің электрондық форматына өтуіне байланысты, Комитеттің qamqor.gov.kz порталында сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің «Жария секторы» кіші жүйесі әзірленді, ол қылмыстық процеске қатысушыларға электрондық сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдармен қашықтан өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

«Жария секторға» қолжетімділік шектелген, яғни сотқа дейінгі іс жүргізу жөніндегі ақпаратты қарау қылмыстық процеске қатысушыларға тиісті процестік мәртебені алған сәттен бастап, оны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлға растағаннан кейін ғана Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде (бұдан әрі-ҚР ҚПК) белгілеген көлемде қолжетімді болады.

Бұл кіші жүйенің артықшылығы төмендегі сатылардан өтеді.                       

Ол: -қылмыстық процеске қатысушыларға барынша ақпарат беру;

-процеске қатысушылардың іс жүргізу құжаттарын беру және алу мерзімдерін барынша азайту;

-сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде құжат айналымына шығындарды қысқарту;

-қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлерімен тікелей байланыссыз, қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтінішті және өтінішхатты электрондық нысанда беру;

-бұрын берілген өтініштің немесе өтінішхаттың мәртебесін қарау нәтижелері туралы ақпарат алу;

-қылмыстық қудалау органдарының тергеушісі немесе анықтаушысы іс жүргізу материалдарымен танысуға тиісті құқықтарды бергеннен кейін таныса алады.

Бұл кіші жүйе қылмыстық процеске қатысушыға (күдікті, қорғауға құқығы бар куә, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері мен өкілдері) qamqor.gov.kz порталында ақпараттық қауіпсіздік және құпиялылық талаптарын сақтай отырып, интернет арқылы қолда бар және басқа сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі қабылданған іс жүргізу шешімдері мен мәліметтеріне қашықтан қол жеткізуге, өзіне қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу материалдары туралы немесе ол қорғайтын тұлға туралы, ҚР ҚПК-нің 13-тарауында көзделген шағымдар мен өтініштерді беру және оларға электрондық форматта жауап алуға, сонымен бірге ҚР ҚПК-ның 70-бабының 5-ші тармағы бойынша жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шаралары, жасырын тергеу әрекеттері туралы деректер қамтылған іс материалдарын қоспағанда, іске кіріскен кезден бастап өзінің қорғауындағы адамға қатысты істің материалдарымен түгелдей танысуға мүмкіндік береді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің Түркістан облысы

бойынша департаменті

 

#Заң_мен_Тәртіп

#Закон_и_Порядок

 


Рекомендовать
Последние новости