Жармалықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысуда

Жарбол Кентұлы 03 июн. 2024 17:23 3472

Көшелер мен алаңдардың тазалығы бір күндік іс-шаралармен шектелмей, үнемі назар аударуды қажет етеді. Бұл «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының басты мақсаты – барлық тұрғындардың назарын экологияны қорғауға, тазалықты сақтауға аудару, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысы Жарма ауданында экологиялық іс-шараларды өткізу жалғасуда. Сондай бастамалардың бірі – Жаңғызтөбе кентінде өткен «Экологиялық мәдениет тазалықтан басталады» шарасы.

Ауданның 2,5 мыңға жуық халқы бар ең ірі елді мекендерінің бірі болып табылатын теміржол торабының бойында орналасқан кент арқылы көптеген жолаушылар өтеді. Сондықтан елді мекенде тазалықты сақтау өте маңызды.

Бұл жолы саябақ аумағын мекемелер, ұйым қызметкерлері, тұрғындар, жастар қатарынан 30-дан астам адам тазартты. Саябақта Қазақ хандығындағы көтерілістердің бірінің көшбасшысы болған Кенесары ханның ескерткіші орналасқан.

–  Кент орталығындағы саябақ – елді мекеннің көрікті жерлерінің бірі, сондықтан оны жинауға қатысу – біздің ортақ міндетіміз. Өз Отанын бағалайтын әрбір адам оның тазалығына өз үлесін қосуы керек, – дейді Жаңғызтөбе кентінің тұрғыны Айжан Исатова.

Акцияға қатысушылар бірлесе жұмыс істеп, саябақ пен ескерткіш аумағын тазартты.

 


Рекомендовать
Последние новости