Жақында Тоқаев сөгіс жариялаған Марат Қарабаев қызметінен кетті

Көркем Алдабергенова 08 июн. 2025 13:51

Көлік министрі Марат Қарабаев қызметінен кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды", - делінген ақорда хабарламасында. 

Бұған дейінгі жағдай

Айта кетейік, 14 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырысы өтті. Көлік министрі Марат Қарабаевтың және бірқатар орталық мемлекеттік органдар басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Мемлекет басшысы көлік саласындағы ахуалды сынға алды. Қордаланған проблемалар мен белгіленген межелердің орындалмауы жаңғырту жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп отырғанын айтты.

Жиын соңында Президент министр Марат Қарабаевқа жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін сөгіс жариялады.

Мемлекет басшысы көлік-логистика саласындағы проблемаларды шешуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырды.


Рекомендовать
Последние новости