Жапония Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін жария етті

Dalanews 27 июн. 2022 06:34 976

«Үлкен жетіліктің» Германиядағы кезекті басқосуында Жапонияның премьер-министрі Фумио Кисида Укрианаға қарсы соғыс ашқан Ресейге қарсы бірқатар санкиялар жариялағанын мәлім етті, – деп хабарлайды.

Жиын барысында сөз алған жапон үкіметінің басшысы Күн шығыс елі  70 адам мен Ресейдің 90-нан астам компаниясына шектеу қойғанын алға тартты. Алдағы уақытта Жапония Ресейдің алтынын сатып алудан толықтай бас тартпақ.

Бұдан басқа Жопонияның компаниялары Ресей компанияларына бухгалтерлік және трастық қызмет көрсетуден толықтай тоқтатты.

Осылайша Жапония 70 орыс кәсіпкерінің шоттарын бұғаттап, әскери-қорғаныс саласында жұмыс істейтін 90 компаниямен байланысын үзді.


– Біздер тарих алдында үлкен таңдамен бетпе-бет келіп тұрмыз. Алдағы уақытта халықаралық тәртіп пен негізгі ережелерді сақтауға тиіспіз. Әсіресе БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мен өзге құрылымдарының қабылдаған шешімдеріне толықтай құлақ асып, бұлжытпай орындауымыз керек. Осылай ғана біз әлемдегі тәртіпті сақтай аламыз, – Фумио Кисида.

Рекомендовать
Последние новости