"Жанұямызбен барамыз!". Елорда тұрғындары референдумды күтуде

Dalanews 03 июн. 2022 13:15 743

Алдағы жексенбіде, яғни, 5 маусым күні Қазақстанда Конституцияға түзетулер бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Елорда тұрғындары өз пікірлерін білдіріп, референдумды қолдайтындарын және сайлау учаскелеріне баруға дайын екендерін айтты. Бұл туралы Dalanews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елорда тұрғындары 5 маусымда сайлау учаскелеріне барып, еліміздің болашағы үшін маңызды таңдау жасайтынын, өздерінің конституциялық құқығын пайдалануға дайын екендіктерін білдірді.

– Шақырту алдым, пәтеріме әкеліп, қолыма ұстатты. Әрине, бәріміз барамыз деп дайындалып отырмыз. Қазақстанның барлық азаматы еліміздің ертеңіне әсер ететін шешімге қатысуы керек. Біз алға жылжып, өркендеуіміз керек, – деп атап өтті астаналықтар.



Астаналықтардың көбісі конституциялық түзетулерді қолдайтынын жеткізді:

«Кез келген салада өзгеріс қажет, әркім жаңа нәрсе жасауға ұмтылуы керек».

«Өзгерістер қажет. 30 жылдан бері шешілмей келе жатқан проблемалар көп. Енді үлкен өзгерістерді күтеміз. Жексенбі күні әрине, бүкіл отбасымызбен барамыз».

«Міндетті түрде барамыз, өз пікірімізді айтуымыз керек. Әр адам өз пікірін жасырмай, айта алатын кезең өте маңызды деп есептеймін. Бұл Қазақстанның әрбір азаматы үшін үлкен артықшылық деген ойдамын. Өз құқығымызды пайдалануымыз керек».

[video width="1280" height="720" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2022/06/WhatsApp-Video-2022-06-03-at-13.18.33.mp4"][/video]

 

Рекомендовать
Последние новости