Жаңаөзенде жолды жапқан бір топ азаматқа полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Dalanews 12 апр. 2023 03:40 818

12 сәуір күні таңертең Жаңаөзен қаласында бір топ азамат қала тұрғындарының көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жолды жауып тастады , – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық қауіпсіздікті және көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері оларды профилактикалық әңгіме жүргізу үшін Жаңаөзен қаласы полиция басқармасына жеткізді.

Мұндай іс-әрекет ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабы (Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру) бойынша шара қолдануға және ол 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауаптылыққа әкеп соғады.

 

Рекомендовать
Последние новости