Жаңа Салық кодексіндегі өзгеріс: пәтер сатқанда төленетін салық көлемі 10%-дан 15%-ға өседі

Кәмшат Тілеухан 30 июл. 2025 10:46

Қазақстанда жаңа Салық кодексі қабылданды. Оған сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылжымайтын мүлікті сату кезінде кейбір жағдайларда салық көлемі  10-нан 15% - ға дейін өседі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Баспана сатып алудағы қазіргі жағдай мен алдағы жылдағы жағдайды салыстыра отырып, аталған мәселенің егжей-тегжейін krisha.kz басылымы жазады.

Салықты қашан төлеу керек?

Егер сіз баспанаға бір жылдан аса уақыт қана иелік етіп, оны сатқан болсаңыз, онда одан түскен ақшадан салық төлейсіз (сату бағасы сатып алу бағасынан жоғары).

Кез келген мүлік сатылғанда салық салуға жатады: пәтерлер, үйлер, саяжайлар; қоймалар; автотұрақ немесе гараж; жер учаскесі.

Қазіргі жағдай қалай?

Қазір салықтың сыйақы мөлшерлемесі сату құнының 10 %-ын құрайды. Бұл ереже 2025 жылдың соңына дейін өз күшінде болады.

Ал жаңа ереже бойынша мемлекетке төлейтін осы салық көлемі аздап ұлғаяды

2026 жылдың 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Онда жылжымайтын мүлікті сату кезінде алынатын салыққа қатысты екі негізгі өзгеріс бар:

1. Меншік мерзімі екі жылға дейін артады.

Сатылымнан түскен ақшадан салық төлемеу үшін жылжымайтын мүлік кем дегенде жеке тұлғаның атында екі жыл болуы керек. Яғни, иелік ету мерзімі тура екі есеге, бір жылдан екі жылға дейін ұлғайтылды.

Бұл арада ескеретін маңызды жайт: екі жылдық норма тек 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап және одан кейін сатып алынған жылжымайтын мүлікке қатысты болады. Яғни, іс жүзінде бұл салық 2028 жылдың 1 қаңтарынан бастап төленеді.

Ал жылжымайтын мүлікті 2025 жылдың соңына дейін сатып алғандар үшін ескі ереже қолданылады: мерзімі бір жылдан асса, салық салынбайды. 2026 жылға дейін пәтер сатып алғандар бұрынғы ереже бойынша әрекет етеді: егер пәтер бір жылдан астам уақыт өз иелігіңізде болса, онда сату кезінде салық төлеудің қажеті жоқ.

2. Салық мөлшерлемесі 15%-ға дейін қымбаттайды.

ЖТС-тың базалық мөлшерлемесі өзгеріссіз қалады: құн өсімінің 10% (сатып алу бағасы мен сату арасындағы айырма). Бірақ егер пайда 8500 АЕК-тен асатын болса, онда осы шекті деңгейге дейінгі сомаға 10% мөлшерлеме қолданылады, ал одан жоғары кез келген нәрсеге — 15 %.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес, сатудан түскен ақша 8500 АЕК-тен асса (2025 жылы бұл шамамен 33.4 млн теңге), ол жоғары пайда болып табылады.

Салықты қалай есептейміз?

  • Пәтер сатып алып, оны бір жылдан кейін сату. Пайда - 10 млн теңге.
  • Салық - 10% немесе 1 млн теңге.
  • 2,5 жылдан кейін сату. Пайда - 40 млн теңге.
  • Салық - 0 теңге, себебі иелік ету мерзімі жеткілікті.
  • Бір жылдан кейін сату. Пайда - 50 млн теңге.

34 млн-ға дейін 10% мөлшерлеме бойынша салық салынады: 3,4 млн теңге. Бұл шекті мәннен асатын сомаға (16 млн) - 15% мөлшерлеме:  2.4 млн теңге. Салық - 5.8 млн теңге.

Шетелдіктер (ҚР резиденттері емес) жылжымайтын мүлікті иелену мерзіміне қарамастан 15% төлейді.

Салықты қалай төлеуге болады?

Алдымен сіз декларация тапсыруыңыз керек (270.00 нысаны), пәтеріңізді сатқаннан кейін келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін.

Салықты төлеу керек: 25 қыркүйекке дейін, яғни өтініш бергеннен кейін 10 күн ішінде.

Оны былай жасай аласыз:

  • E-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы.
  • eGov. kz сайтында.
  • Электрондық "салық төлеушінің кабинетінде".
  • Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына жекелей барып.

Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап бай-бағландар салығы пайда болады. Егер объектілердің жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын болса, онда осындай салықты төлеуге тура келеді.


Рекомендовать
Последние новости