ҚазҰУ-да қайғылы оқиға: 1-курс студенті ректорат ғимаратынан құлап көз жұмды

Сағыныш Сардарова 30 июл. 2025 20:48

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорат ғимаратында қайғылы жағдай орын алды. Бірінші курс студенті 14-қабаттан құлап, қаза тапты, деп жазады Dalanews.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

«Қазір оқиғаның нақты себебі мен мән-жайы анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайдың себебі отбасылық мәселелерге байланысты болуы мүмкін», – делінген полиция хабарламасында.

Полиция департаменті қала тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушыларын ресми ақпаратқа ғана сүйенуге және шындыққа сай келмейтін мәліметтерді таратпауды сұрады.

 

 


Рекомендовать
Последние новости