Жамбыл облысында атыс болып, бірнеше адам жарақат алды

Сағыныш Сардарова 30 июл. 2025 19:00

Жамбыл облысында атыс болып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған. Құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатқаны айтылды.

"Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.

Жамбыл облысындағы атыстан кейін жарақат алған екі ер адамның жағдайы ауыр. 

Қалған екі науқас хирургия бөлімінде жатыр. Біріне маңдайында жаншылған жарақат бар, енді бірінің оң қолына оқ тиген. Жағдайы тұрақты.


Рекомендовать
Последние новости