Жаңа ректор – іскер басшы, шебер ұйымдастырушы

Dalanews 20 февр. 2015 10:46 1028

Профессор Кшиштоф Рыбински, Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеттің ректоры болып сайланды. Бұл жайындағы ақпаратты оқу орынның баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұған дейін оның ректоры қызметін Серік Святов атқарған, ол университет директорлар кеңесінің және «Fortebank» АҚ бірлескен банкінің төрағасы болып сайлануына орай бұл жұмысынан кетті.

Рыбински Польша Ұлттық банкінің вице-президенті, ЕО Комиссиясының экономикалық және қаржы мәселелері бойынша мүшесі, сондай-ақ Польшадағы Дүниежүзілік банкі директорының орынбасары болған. 2008 жылы Кшиштоф Рыбински Эрнст & Янг.. компаниясының серіктесі болды. Экономика саласындағы доктор дәрежесіне ие. Поляк, ағылшын, орыс және жапон тілдерін меңгерген.

Алдағы уақытта жаңа ректордың басшылығымен Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінің сапала білім беру деңгейін көтеріп, еліміздегі оқу орындар арасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру ісімен жан-жақты айналысатын болады. Сондай-ақ, ол білім ордасының дүниежүзіндегі жетекші оқу орындардың қатарынан көрінуі үшін күш салып, өзінің өмір бойы жинаған іс-тәжірибесін пайдаланбақшы. Білікті маманның іскерлік қабілетінің жоғары екеніне мына бір жайттан-ақ аңғаруға болады. 2010 жылы Кшиштоф Рыбински мырза банкрот болудың аз-ақ алдында тұрған Польшадағы Вистула университетін басқарып, қысқа мерзімде аталмыш оқу орынын тығырықтан шығарған-ды. Ол білім беру сапасын арттыру саласында білім ордасының профессорлық-оқытушылық құрамын жаңадан жасақтап, дүниежүзінде озық іс-тәжірибелерді батыл түрде енгізіп, өзінің білім беру саласындағы білікті басшы, іскер ұйымдастырушы екенін поляктарға паш еткен еді. Кшиштоф Рыбински алдағы уақытта осы іс-тәжірибесін Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетңнңғ гүлденуіне жұмсайтын болады.

Нұрлан Жұмаханов

Рекомендовать
Последние новости