Жаңа Қазақстан – Жаңа тұрғын-үй саясаты

Dalanews 18 июл. 2022 08:34 821

Смайылов Үкіметі «Отбасы банкті» реформалауды жоспарлап отыр деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Әзір жаңа қағидалардың қаңқасы ғана бар, қызу талқылау жүріп жатыр. Үкімет «Отбасы банктің» базасында бірқатар орталықтар құруды жоспарлап отыр», – дейді сарапшылар.

Бізге жеткен мәлімет бойынша банктің іргесінен «Баспанамен қамту орталығы» құрылады. Дәл осы арада ел көлемінде үйсіз-күйсіз жүрген азаматтардың тізімі жасалады. Былайша айтқанда, бұл цифрлық платформа болады.

«Жаңа Қазақстан билігі еліміздегі тұрғын-үй саясатын толық реформалауға кіріспекші. «Отбасы банк» екінші деңгейдегі қаржы институттарының құрамынан шығады. 10-15 жыл бұрын әзірленген қазіргі қағидаттар ескіріп қалды. Халықты баспанамен қамтудың жаңашыл, тиімді жолдарын іздестірген жөн. Мәселен, елімізде әлі күнге дейін тұрғын-үйді әділ жолмен бөлудің біртұтас жүйесі қалыптаспаған. Соның салдарынан баспанаға қол жеткізе алмай жүрген азаматтар азаймай отыр», – дейді бұл ретте Dalanews-ке пікір білдірген қаржыгер Айбар Олжай.

Сарапшы сөзінің жаны бар. Индустрия министрлігінің бізге берген мәліметі бойынша бүгінде ел көлемінде 600 мыңнан аса адам үй кезегін күтіп жүр. Бұлардың 230 мыңы тұрмысы төмен, осал топтағы азаматтар. Ал бұлардың ішіндегі 70 мыңға жуық адам жалғызлікті аналар, мүмкіндігі шектеулі және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жанұялар.

Еліміздегі тұрғын-үй саясатын реформалау «Отбасына банкке» бағытталатын қаржының азаятынын білдіре ме?

Индустрия министрі Қайырбек Өскенбаевтың атап өткеніндей биыл қаржыландыру жоспарына сай «Отбасы банкке» 3 млрд теңгеден астам ақша аударылған.

Айта кетелік, қазіргі күні "Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы шеңберінде Смайылов Үкіметінің қорытындысы әзірлену үстінде.

Айбар Олжайдың пайымдауынша баспанамен қамтау саясатындағы жаңа өзгерістер құрылысы күрделі емес объектілерді салуға қойылатын түрлі шектеулі, бюрократиялық кедергілерді алып тастауды көздейді. Осының нәтижесінде құрылыс компанияларының қолжетімді баспана құрылысына атсалысуға деген қызығушылығы артады.

Рекомендовать
Последние новости