Жәмішев Владимир Кимге тиесілі банктің директорлар кеңесіне қайта сайланды

Кәмшат Тілеухан 01 нояб. 2024 10:01 1053

Болат Жәмішев Bank RBK директорлар кеңесінің мүшесі- тәуелсіз директоры болып қайта сайланды. Өйткені Жәмішевтің осы қызметтегі өкілеттік мерзімі аяқталған екен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қайта сайланған Жәмішев тағы бір жылдай банктің тәуелсіз директоры болмақ.

Негізі, Жәмішев төрт жыл бұрын Bank RBK директорлар кеңесіне басшылық еткен. Сол кезде басшы лауазымында Жәмішев "қаржы институтын стратегиялық дамыту және оның ұстанымын нығайту мәселелеріне жетекшілік ететіні" айтылды. Оған дейін Пол Торстен басшы болған. 2022 жылдың қазан айында Жәмішев Bank RBK директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды. Қазіргі уақытта банктің директорлар кеңесінде Жәмішевтен өзге тағы үш адам бар: Болатбек Жайназаров, Наталья Акентьева және Мұсабек Әлімбеков (соңғысы — тәуелсіз директор).  

Болат Жәмішев бұрындары жоғары лауазымды қызметтерді атқарған. Атап айтқанда, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, ЕҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары, Қаржы министрі, ҚР Өңірлік даму министрі, ҚДБ басқарма төрағасы болған. Сондай-ақ, ол түрлі компаниялар мен квазимемлекеттік құрылымдардың директорлар кеңесінің мүшесі, соның ішінде KEGOC, "Қазақтелеком", ҚТЖ, "Самұрық-Қазына" қоры, Цеснабанк және т.б. бар. 2019 жылы Өскемен құс фабрикасының директорлар кеңесінің мүшесі болды (кәсіпорын Forbes тізіміндегі бизнесмен Серік Толықпаевтың Aitas KZ компаниялар тобына кіреді).

2020 жылдың сәуір айында экономист Жақсыбек Күлекеевпен бірге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директорлар кеңесінің құрамына енді. Ал 2022 жылдың қаңтар айынан бастап Жәмішев "Қазақстан халқына" қоғамдық қорын басқарады.

Ұлттық банктің 2024 жылғы 1 қазанындағы деректері бойынша, 2,2 трлн теңгеге жуық активімен Bank RBK Қазақстанның банк нарығында 10-шы орында тұр. Қарапайым акциялар пакеті — 89,79%. Ол Bank RBK Басқарма төрағасы Наталья Акентьеваға тиесілі "КСС Финанс" ЖШС-ға тиесілі (үлесі - 6,49%). Банктің түпкілікті бақылаушы акционері бизнесмен Владимир Ким болып табылады. Ал ол 50 ең ықпалды бизнесмендер рейтингісі көшін бастап тұр, сондай-ақ Қазақстанның 75 ең бай бизнесмені рейтингінде төртінші орында. Оның байлығы 3 3,6 млрд долларға бағаланады.


Рекомендовать
Последние новости