Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: Тоқаев Бектеновке тапсырма берді

Көркем Алдабергенова 28 мар. 2025 18:02 1334

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды.

Бұған дейін Үкіметтік жұмыс тобы  жағдайды сараптап, бағалау және жедел шаралар қабылдау үшін Жамбыл облысына жіберілген болатын. 

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Жамбыл облысында орын алған жер сілкінісіне байланысты жергілікті атқарушы органдарға жағдайды талдау, жедел іс-шаралар қабылдау, келтірілген шығынды анықтау және бағалау мәселелерінде көмек көрсету үшін төтенше жағдайлар вице-министрі бастаған үкіметтік жұмыс тобы өңірге жіберілді.

Сондай-ақ жұмыс тобы құрамында – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ филиалының басшылығы, Үкімет Аппаратының өкілдері бар.

Премьер-министр бірінші кезекте әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардағы, жол қатынастары  мен өнеркәсіп кәсіпорындарындағы жағдайды басым тәртіппен бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар нысандарды тексеру, шығындарды бағалау және деректерді жинау бойынша мобилді топтардың санын көбейтуді тапсырды.


Рекомендовать
Последние новости